05
октябрь
2023
Дублёр күні
5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебімізде «Дублёр күні» болып өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары мұғалімдердің міндеттерін атқарып, сабақ, сынып сағаттарын, тәрбиелік шаралар өткізді. Оқушылардың ұйымдастыруымен «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!» тақырыбында мұғалімдерге арналған құттықтау шарасы өтті. Мерекелік кеште ойындар ойналып, құттықтау сөздер айтылды.