

2023 жылдың 19 қазаны күні Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары мазмұнында 9-11 сынып оқушыларымен дәріс өткізілді. ЖПҚб УПИ полиция капитаны Нұрлан Мешітбаев синтетикалық есірткінің зияны, нашақорлықтың, темекі, арақтың зардаптары туралы түсіндірді. Қазіргі таңда синтетикалық есірткіні қолдану, тарату қылмыстарына балалардың қатысы, интернеттегі есірткі жарнамалары жайына кеңінен тоқталды. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұмаділ арақ, темекінің зардаптары, зиянды әдеттермен күресу жолдары туралы баяндап өтті. Ақшаға қызығып, есірткіні тарату қылмысына алданып түсіп қалмауға шақырды. Сыныптарда нашақорлық, синтетикалық есірткі тақырыбында бейнебаян көрсетілді.