19
октябрь
2023
АЛТАЙДЫҢ АСҚАҚ ЖЫРШЫСЫ (Әдеби кеш)
АЛТАЙДЫҢ АСҚАҚ ЖЫРШЫСЫ
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілерінің қатарына қосылған, туған жері, Алтайдың мөлдір тау бұлақтарындай бірден шөлді қандыратын туындылар қалдырып кеткен талант иесі, философ, публицист, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналаған «Алтайдың асқақ жыршысы» әдеби кеші 2023 жылдың 19 қазаны күні мектебімізде болып өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы шара мектеп парламентінің , мектеп кітапханашысы Перизат Әзірбек пен педагог-ұйымдастырушы Ақжарқын Есназарованың ұйымдастыруымен өткізілді. Әдеби кеште жазушының өмір жолы айтылып, кітап көрмесі таныстырылды, өлеңдері оқылды. Прозалық шығармаларынан үзінділер бойынша оқушылар түсініктерін айтты. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі бойынша оқушылар арасында қызу талқылау өрбіді. Әңгімедегі жас журналист жігіттің (автор) Араймен кездесуі, Арайды іздеп баруы жайлы оқушылар таласа баяндады.
