01
сентябрь
2023
МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Бүгінгі 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай №126 орта мектебінде салтанатты жиын болып өтті. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 25 бала қабылданды. 11-сыныпта 16 оқушы оқиды. Жалпы мектепте 221 оқушы жаңа оқу жылын бастады. Мектеп директоры Бақбергенова Бақытжан Жамалқызы жаңа оқу жылына табыс тілеп, мектептің дайындығы, алдағы міндеттер туралы баяндап өтті. Салтанатты шараға Сырдария ауданы әкімдігінің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қаракөз Қалжанова қатысты. Сонымен қатар ауыл әкімі Ғалымжан Әкбаров, ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жорабек Маханбетов, шаруашылық төрағасы әрі мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Әбжалиев, ауыл ардагері Болат Дүйсенбаев, ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ата-аналар қатысты. Салтанатты жиынның екінші бөлімінде мектеп ұстаздары бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттары балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, туған жерді, ата-ананы құрметтеу, т.б. құндылықтар мазмұнында өткізілді. Келген қонақтар сынып сағаттарына қатысты.
Жаңа оқу жылы табысты, жемісті болсын!