Төлегенов Мұрат Төлегенұлы

Төлегенов Мұрат Төлегенұлы - №126 орта мектебінің директоры, жоғары санатты мұғалім.Білімі-жоғары. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, 2010 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Мұрат Төлегенұлы 1968 жылы 25 шілдеде Тереңөзек кентінде өмірге келген. 1975-1985 жылдары №35 Иса Тоқтыбаев атындағы орта мектепте оқиды. 1986-1988 жылдары Кеңес әскері құрамында әскери борышын өтейді. Еңбек жолын 1996 жылы №36 Ә.Тәжібаев атындағы орыс орта мектебінен бастайды. 2003-2005 жылдары №131 орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2009 жылдары мектеп директоры қызметтерінде болған. 2009-2013 жылдары №137 орта мектебінің директоры, 2013-2017 жылдары №36 мектеп-лицей директоры лауазымдарында болып, 2017 жылдың қараша айынан бері №126 орта мектебінің директоры қызметінде.