Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№126 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 26-6-36
Факс:
+7(72436) 26-6-36

» » КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ (Дебат ойыны)
18
октябрь
2023

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ (Дебат ойыны)

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
(дебат ойыны)
25 қазан- Республика күні мерекесіне орай 2023 жылдың 18 қазаны күні  Мектеп парламентінің «Дебат қозғалысы» фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Көк тудың желбірегені» тақырыбында дебат ойыны болып өтті. Дебат ойынына 8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Ойын АПФ форматында өтті.  10-сыныптың «Қыран» (Исабаев Диас, Маратұлы Өмірбек), 9-сыныптың «Зерек» (Рсайқызы Рысжан, Бақытбекқызы Сәбинұр), 8-сыныптың «Жалын» (Темірбекқызы Жаннұр, Нәбиева Назым) топтары өзара сөз сайысына түсті. «БП Қазақстан мектептерінде діни киімдерді киюге рұқсат береді»,  «БП Қазақстандағы ең маңызды тұлғаны көрсетеді», «БП Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімді дәріптейтін күшті құрал – кино д.е.» қарарлары бойынша сөз айтысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздігі, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз, халықтар достығы, еліміздегі бейбітшілік, патриоттық тәрбие, т.б. жайлы  тосын ойларын ортаға салды.  Қорытындысында «Зерек» фракциясы 10 балл ұпаймен жеңіске жетті. Үздік қатысушылар: Исабаев Диас «Ең сенімді ойыншы»,  Бақытбекқызы Сәбинұр «Дебаттық креатив», Рсайқызы Рысжан «Үздік спикер» номинацияларымен марапатталды.