Қызылорда облысы
Сырдария ауданы білім бөлімінің
"№126 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 26-6-36
Факс:
+7(72436) 26-6-36

» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ (Сынып сағаттары )
10
октябрь
2023

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ ӘДІСТЕРІ (Сынып сағаттары )

«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау» мақсатындағы Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Сырдария ауданы білім бөлімінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың  10 қазаны күні  «Төтенше жағдайлар кезінде қорғану әдістері» тақырыбында 8-11-сыныптарда сынып сағаттары өтті.  Сынып жетекшілері өткен сабақта оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде қорғану әдістері жайлы, өрт шыққан жағдайдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Өрт жағдайында не істеуге болмайды?
1. Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
2. Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
3. Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
4. Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды!